Түркістаннан Ыстамбұлға алғашқы рейстерге билеттер сатылымға шықты
21 наурызда Fly Arystan әуекомпаниясы Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан бағыты бойынша алғашқы халықаралық рейсті орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түркістан мен Ыстамбұл қалалары арасындағы тұрақты әуе қатынасы А-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейстің жиілігімен (жұма, жексенбі) аптасына 7 рейске дейін (күн сайын) кезең-кезеңімен орындалатын болады.
Билет құны 39 999 теңгеден басталады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатын болады.
Алматыдағы саябақта агрессивті ер адам балаларға шабуыл жасады
Ол балаларды “пышақтап өлтіремін” деп қорқытқан
"Шәй құйып, сәлем салады, келіндік қызмет атқарады": Индонезиялық келін алған отбасы екі елдің тойы мен ерекше дәстүрлерін көрсетті
Бақберген шетелдік ару қарапайымдылығымен, жайлы мінезімен өзіне ғашық еткенін алға тартты