Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға алғашқы жолбарыстар бес жылдан кейін әкеліне бастайды

Ресейдің дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) 2027 жылға қарай Қазақстанға алғашқы жолбарыстарды алып келмекші. Бұл елде жойылып кеткен жолбарыс популяциясын қалпына келтіру үшін жасалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жолбарыс

"Алдағы бес жылда елге жолбарыстарды алып келіп, "Іле-Балқаш" резеватының аумағына жіберу жоспарланып отыр. Қазір аумақты жолбастырды алып келу үшін дайындап жатыр, бұл жұмыстар 2025 жылға қарай аяқталады. Алдағы үш жылда жыртқыштардың жемтігі базасын қамтамасыз ету үшін тұяқты жануарлар санын көбейту керек", – делінген қор хабарламасында. 

Қазақстанда жолбарыстар 70 жыл бұрын жоғалып кеткен. Ал дүниежүзілік жабайы табиғат қоры Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге оларды қалпына келтірумен шұғылданып жатыр. 

Талқылау