Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар той әндерін үлкен сахнаға алып шығатын әріптестерін сынады

Қазақстандық әншілер той әндерінің көбеюіне қатысты пікір білдірді. Мұнымен қатар, олар той әндерінің үлкен сахнада орындалуына қарсылық білдірді.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Сахна мен тойды шатастырып аламыз. Себебі, тойдағы тыңдаушы бөлек, сахнадағы тыңдаушылар бөлек. Отырып шай ішіп тыңдаған ән, былай тыңдаған екеуі екі бөлек. Сахнаны шатастырып алмау керек”, – дейді Тоқтар Серіков.

Белгілі әнші Тоқтар Серіковтің айтуынша, киелі сахнаға анау-мынау әндерді емес, ғұмырлы әндерді орындап шығу керек деген пікірде. Ал, Қазақстанның Халық артисі Алтынбек Қоразбаев болса, ондай туындыларды үнемі орындап жүру үшін әншілерге алдымен жағдай жасалуы тиіс дейді.

“Күн көріс деген шын мәнінде оңай емес. Өнер адамдарында баланс жоқ. Өкінішке орай  еш жерде баланс жоқ. Қызметің бар ма, қызмет жоқ. Қайда барады тойға бармағанда,  күн көру керек. Тойға барады ләж жоқ. Үлкен көсемдердің құлағына алтын сырға”, – дейді сазгер Алтынбек Қоразбаев.

Той әндердің де авторлары бар. Сондықтан да ондай әндерді шырқауға еш қымсынбайды. “Тойға адамдар мұңаю үшін келмейді, көңіл көтеру үшін келеді. Сондықтан да жеңіл желпі әндер содан көбейіп жатыр”, – дейді әнші Алма Аманжолова.

Соңғы уақытта көрермендердің қандай ән көңілінен шығатынын әншілердің өздері де түсінбей барады екен. Дәстүрлі әндерді орындап, елдің қошаметіне бөленген әнші Рамазан Стамғазиев сахнада шырқалатын әндерді сұрыптайтын арнайы бірлестік керек дейді.

“Қазір көптеген әншілеріміз бізде концерттік бірлестіктің жоқтығынан, көптеген әншілеріміз концерттік бірлестіктерін де жұмыс істемейді”, – дейді дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызының экс қайын әпкесі: Бізді бар шындықты айтуға мәжбүрлемесін

Ділназ Ахмадиева: Ұйғыр деп бетіме басқан кезде реніштен жылап жібердім

Ташкентке сапарлаған Мақпал Жүнісова өзбек ағайындарды таңдай қақтырды (видео)

Қазақ киносындағы тарихи күн: Ақан Сатаевтың фильмі әлемдік прокатқа шығатын болды

Талқылау