Қазақстандық әйел: Пәк еместігімді күйеуім бетіме басқан емес

Қазақстандық қыз-жігіттер қандай жағдай болмасын, адамның сүйіктісіне бар шындықты айтуы керектігін алға тартты. Әсіресе, қыздық мәселесіне келгенде.

Vietnam-na-5-meste-samyy-schastlivyh-stran-mira

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

25 жастағы Шыңғыс Қуанышханов өзінің жеке өмірі туралы айтудан бас тартты. Десе де, ол қыздық пердеден бұрын, шыншылдық пен махаббаттың маңызды екенін тілге тиек етті.

«Өзімнің жеке өмірім туралы айтқым келмейді. Менің ойымша, кез келген жігіт өзінің қызының пәк болғанын қалайды. Бірақ өмірде әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Десе де, әр қыздың бақытты болуға лайық екенін ұмытпайық. Бастапқыда қандай жағдай болмасын, қыз шындықты жігітіне ашып айтуы тиіс. Өйткені ертең жабулы қазанның беті ашылады. Жігіт сүйіп, қыз шындықты айтып, екеуі бір-бірін түсінсе, барлығы бақытты болады деп ойлаймын. Осы тұста көп нәрсе әйел адамға байланысты», – дейді Шыңғыс мырза.

Осы орайда, тікелей эфирге көрермен хабарласып, өзінің басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді. Ол жастық шағында бір жігітке алданып қалған екен. Десе де, болашақ жарына ешнәрсені жасырмай ашып айтқан. Күйеуі өз кезегінде түсіністік танытқан.

«18-19 жасымда шалыс басып, бір жігітке сеніп қалдым. Оған толықтай берілген едім, ол мені алдап кетті. Кейін Астанаға кетіп, қазіргі жолдасымды жолықтырдым. Екеуіміз бір жыл уақыт бірге тұрдық. Оның үстіне бірге жұмыс істедік. Сол кезде барлығын ашып айттым. Мұндай жағдай кез келген қыздың басынан өтуі мүмкін. Жолдасым маған артық сөз айтпады. Оған екі ұл туып бердім. Ол мені алақанына салып аялап жүр. Қыздарға шындықты айтуға кеңес беремін. Себебі, жаныңызда жүрген адам болашақ жарыңыз. Шыңғыс мырза айтқандай, ерте ме, кеш пе барлығының беті ашылады. Болған оқиғаны күйеуім бетіме басып, таба қылған емес. Осы тұста қабылдайтын және қабылдамайтын ер азаматтың болатынын ескеруіміз керек. Қыздығыңыздың жоқ екеніне қарамастан қабылдаған азамат сіздің өмірлік жарыңыз болуға лайық», – көрермен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр