Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Астана қаласының тұрғыны тоқалдың шынайы өмірі қандай болатынын айтып берді. Мұнымен қатар, Дина Ержанқызы туған қызының тоқал болуына қарсы еместігін сөз етті.

Безымянный

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Дина Ерланқызы осыдан 6 жыл бұрын өзінің бастығына тұрмысқа шыққан. Ол тоқал болудың оңай еместігін, оның үстіне заңды некеге тұрмағанын айтып жатыр. Десе де, күйеуінің ортақ балаларын жақсы көретініне сенімді.

«Бұл жағдайдан менің әке-шешем хабардар. Осыдан 6 жыл бұрын өзімнен жиырма жас үлкен азаматқа тұрмысқа шықтым. Ол кезде 26 жаста болғанмын. Үй шаруасымен, екі ұлымның тәрбиесімен айналысамын. Үлкені 5 жаста, кішісі 3 жаста. Жолдасым – жеке кәсіпкер. Барлық жағдайымызды жасап жатыр. Жас кезімде тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған азаматтар көп болды. Бірақ оларды ұнатпадым. Ал күйеуім менен 20 жас үлкен болса да, өзіне ерекше күтім жасайды. Бастапқыда отбасының бар екенін білдім, кеңсесінде бір жыл менеджер болып жұмыс істедім. Оған қарамаймын деп ойладым. Қандай да бір шешім қабылдауға материалдық жағдайы әсер еткен емес. Ақыры қатты бауыр басып, бала көтеріп қалдым. Әке-шешем тоқал болуыма қарсы болды. Бала туғанға дейін менімен араласпай қойған еді, қазір жақсы қарым-қатынастамыз.

Басында әйелі қарсы болған. Кейін амалсыз қабылдауына тура келді. Бәйбішесінен үш қыз, бір ұлы бар. Алғашқы бір жыл енеммен, бәйбішемен бір шаңырақ астында тұрдық. Қазір бөлек тұрып жатырмыз. Менің балаларымды «тоқалдан туған» деп бөледі. Балаларымның болашағы үшін уайымдаймын. Осындай проблеманың болатынын алдын ала білдім.  Мешітке барып некемізді қиып, балаларыма өзінің тегін берді. Бәйбішемнің ұлы менен 3 жас кіші. Жуырда ол өзінің үйленетінін айтып, бізді бөлек шығартқызды. Күйеуім бәйбішесіне қарағанда, менімен көбірек уақыт өкізеді. Ол менен сұранбайды. Десе де, оның бірінші отбасына барып тұруына, араласуына қарсы емеспін», – дейді Дина ханым.

Келіншек өз өмірі туралы қуанышпен айтып отырғаны психолог Ержан Қуандықұлының ашуын келтірді. Маман тоқалдың бақытсыз екенін меңзеді. «Сіз күйеу тауып, жағдайыңызды дұрыстап алғаныңызға қуанып отырсыз. Оның үстіне балаларыңыз да бар. Бірақ сізді күйеуіңіздің бірінші әйелі қалай қабылдады? Отбасын бұзып жатырмын деген қорқыныш сізде болмады ма? Ешбір есі дұрыс әйел күйеуін басқа біреумен бөліскісі келмейді», – дейді ол.

«Ол менімен кездеспей жатып отбасына тоқал алғысы келгенін жария еткен. Бәйбішем өз келісімін бермеген. Менің келуіме амалсыз көнуіне тура келді. Мені беташар жасап тұрып қарсы алды. Екі қызы мен ұлының өз отбасылары бар. Ал кішісі тым қатты ерке. Ауыр сөздер айтып қояды. Әсіресе, балаларыма «Бұл сенің үйің емес. Ешнәрсеге тиісуші болма!» деп айтып отырады. Күйеуім мені сағындырмай жиі жанымда болуға тырысады. Қызым өсіп тоқал болғысы келсе, шын сүйсе, жолына бөгет болмаймын. Өйткені өзім бақыттымын ғой. Әрине, маған тоқал болмауға кеңес бергендер болды. Бірақ өмір осылай болып қалды.

Той-томалақ мәселесі қиындау. Барған жерімде енем менің тоқал екенімді айтып қояды. Қоғамның пікірінен қорықпаймын. Себебі, артқа шегінетін жол жоқ. Күйеуім үшінші әйел алғысы келетінін айтса, мен қарсы емеспін. Бәйбішем мені қалай қабылдаса, мен де оны тура солай қабылдаймын. Күйеуім қайтыс болып кетсе, бала-шағамның өмірі қалай болар екен деп уайымдаймын. Біз заңды түрде үйленбегендіктен, мүлік мәселесі көтерілмеді. 5-10 жылдан кейін барлығы жақсы болады деп сенемін. Өте ақылды азамат, балаларын қатты жақсы көреді», – дейді Дина ханым.

Ал заңгер Айнұр Махметова керісінше тоқалдықты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда, ол тоқалдардың жұрт ойлағандай шалқып өмір сүрмейтінін айтты. «Жұрт тоқал болып отырған адамдарды шалқып өмір сүріп жатыр деп ойлайды. Негізінде олай емес. Олар керісінше өз еңбектерімен ешкімнен қалыспау үшін тырмысып өмір сүреді. Тоқалдыққа тек материалдық мүддемен барады деген қате пікір. Олар шын сүйіп, күйеуіне бірінші әйелінен алмаған жылулықты береді. Барлығына бірдей кінә тағуға болмайды. Мен негізі тоқалдықты өзім қолдаймын», – дейді ол.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды

Түркістандық азамат көңілдесінен бала туған әйелін кешірмек

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа “Ұмытылмас күн” әнін шырқап берді (видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр