"Жігіттер" тобының әншісі Мырзахан Маханов үйленді
"Жігіттер" тобының әншісі Мырзахан Махановтың үйлену тойы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Өнер иесінің шаңырақ көтергені туралы топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан видео жариялап, "Бүгін жігіттерде той" деген жазба қалдырған. Кадрлардан Мырзахан Маханов пен қалыңдығының қуанышты сәттерін көруге болады. Алайда әншінің үйленгені туралы жаңалық желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.
"Бұрын үйленген емес пе?"
Бірі жас жұбайларға бақыт тілесе, енді бірі өнер иесінің бұрын отбасылы болғанын айтып, оның жеке өміріне қатысты сауалдар көтерді.
"Тумаса, ажыраса салады. Еркектерге рахат қой. Бұл жолы да балалы болмаса, ажыраса ма?" – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Тағы бір оқырман "Жақында Мырзаханның бұрынғы әйелі подкастқа барады. Күтейік" деп пікір қалдырды.

Сондай-ақ әншінің бұрын үйленгенін еске салғандар да болды. Кейбір қолданушылар оның бұрынғы жұбайы мен Бекболат Тілеуханның туыстық байланысы туралы сөз қозғап, кімнің кімге туыс екенін талқылады.
Ал енді бір желі қолданушылары әншінің той жасауына сын айтып, жас ерекшелігіне қатысты пікір білдірді. Тағы бірі танымал ер азаматтардың қайта үйленуін сынап, "Осыларға рахат, ажырасып жатса да, әйелдер дайын тұрады", "Қатын алып жарысатын заман болды ғой”, "Қазақстаннын еңбек сіңірген", "Қоғам кайраткерлері", "Парасат" бергенше "қатыналғыштар" деген атақ берген дұрыс-ау" деген сарында пікір жазды.

Желі қолданушылары арасында Мырзахан Махановтың бұрынғы некесі мен экс-мемлекеттік қайраткер Бекболат Тілеуханға қатысты қызу талқылау болды.
"Үйленген жігіт емес пе еді? Бекболат Тілеухан қызын алып отырған жоқ па?" деп сұрады желі қолданушыларының бірі.
Алайда пікірталасқа қосылған тағы бір қолданушы ақпаратты жоққа шығарып, қыздың Бекболат Тілеуханға тікелей туыстық қатысы жоқ екенін жазды. Оның айтуынша, қыздың әкесі Қарағанды облысы, Ақтоғай өңірінің тумасы Қайырден Омашев, ал анасы Манат Жаңарқаннан. Бекболат Тілеуханды бір өңірден шыққандықтан әрі рулас болғандықтан аға тұтатынын түсіндірді.
"Бір ауылдан болса, туыс болып алады ғой. Еш қатысы жоқ адамды қарындасы дегенге таңғалып отырмын" деп жазды желі қолданушысы.
Дегенмен пікірлер арасында жас жұбайларға ақ тілегін арнағандар да аз болмады. Тойда "Жігіттер" тобының мүшелері Бағлан Әбдірайымов пен Ердос Қанаев та бой көрсетіп, әннен шашу шашты. Өнердегі әріптестерінің қуанышына ортақтасқан әншілер тойдың көркін қыздырып, Мырзахан Маханов пен қалыңдығына ақ тілектерін арнады.

"Жігіттер" тобының әншісі Мырзахан Махановтың бірінші некесінің бұзылу себебі туралы топтың продюсері Ерғали Әбдірайымов пікір білдірді. Бұл туралы ол 2023 жылы "БазарLike" бағдарламасында әңгімелеген. Продюсердің айтуынша, Мырзахан Маханов пен оның алғашқы жұбайы 2013 жылы шаңырақ көтергенімен, отбасылық өмірлері ұзаққа созылмаған. Ерлі-зайыпты шамамен бес-алты жыл бірге тұрып, кейін екі жаққа кеткен.
Ерғали Әбдірайымов олардың ажырасуына себеп болған жайттардың бірі ретінде отбасында сәбидің болмағанын атаған. Оның сөзінше, жас жұбайлар бірнеше жыл бойы сәби күткен, алайда уақыт өте келе екеуінің де шыдамы таусылған. Продюсер бұл жағдайды өмірдің сынағы деп бағалап, Мырзаханға қайта отбасын құруға кеңес бергенін де айтқан.
Сондай-ақ Ерғали Әбдірайымов Мырзахан Махановтың бұрынғы жұбайымен екі жақтың қарым-қатынасы ажырасқаннан кейін де жақсы сақталған болуы мүмкін екенін жеткізген. 2013 жылы Гүлім есімді астаналық арумен шаңырақ көтерген. Кейін отбасылық жағдайларға байланысты жұп ажырасып кетті.
Айта кетейік, "Жігіттер" тобы 2003 жылы құрылған. Өнер ұжымының құрамында Айдар Тұрғамбек, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов бар.
Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың қарым-қатынасы бұған дейін де көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Былтыр күзде актрисаның бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, ажырасу себептері туралы айтып, қоғамды дүр сілкіндірді. Сондай-ақ Дархан Мұсаев жұбайымен арасы суыған сәтті еске алып, Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтты.
Кейінірек Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты даулы оқиғадан кейін жазба жариялады. Актриса да экс-күйеуінің мәлімдемесіне жауап беріп, бір тараптың сөзіне ғана сүйеніп, қорытынды жасайтындарды сынға алды.
Ал биыл 9 қазанда актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықоваға сырға салды. 12 қазанда жұлдызды жұп Алматы төрінде дүркіретіп той жасады.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты