Соңғы жаңалықтар

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

22 жастағы бойжеткен бірнеше жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Алайда алғашқы неке түнінде ол өзінің қыздық пердесінің жоқ екеніне көз жеткізген. Бұдан кейін күйеуі одан күдіктеніп, ажырасқысы келетінін айтып қорқытады екен. Есімін жасырған ОҚО тұрғыны мамандардан көмек сұрады.

kidnap9

Фото: StanRadar

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Мен өзімнің пәктігімді күйеуіме ғана сақтап жүргенмін. Жігіттермен де сол үшін таныса бермейтінмін. Ұяң болдым. Қыздықтың қандай болатынын да білмедім. Уақыт өте келе тұрмысқа шығып, күйеуім екеуіміз алғашқы неке түнін өткіздік. Бірақ менде қан болмады. Өзім де таңқалдым. Содан кейін күйеуім менен күдіктене бастады. Ал менің Алла алдында арым таза. Соны күйеуіме қалай дәлелдей аламын? Кімде осындай жағдай болды? Бұл мәселе күндіз-түні мазалайды. Күйеуім осы туралы айтып, бетіме басады. Гинккологқа барып тексерілдім. Бастапқыда қыз екенімді айтты. Бірақ оның сөздеріне күйеуім сеніп тұрған жоқ. Арамызда ұрыс шықса, осы нәрсені бетіме басады. Әзірге кішкентайымыз жоқ. Осы нәрсе ажырасуымызға себеп болғалы отыр», – дейді ОҚО бойжеткені.

Осы орайда, психолог маман Венера Тельжан 22 жастағы бойжеткен мен оның күйеуіне «аплозия» ұғымы туралы түсіндіруге тырысты. Мұнымен қатар, оларды Астана қаласына жеке консультацияға шақырды.

«Кей әйелдің қыздық пердесі болмай туады.  Яғни барлық адамның ағзасы бірдей емес. Ар-тазалық деп отырғанымыз сонау ата-бабамыздан келе жатқан нәрсе. Қай кезде де ер азаматтар пәктік пен тазалыққа өте үлкен мән береді. Жаңа хабарласқан ханымның ерін де түсініп отырмын. Бұл жерде дұрыс түсіне алу керек. Мұны ер адамға түсіндіруге болатынын тәжірибемнен білемін. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әйелдердің 15 пайызы аплозиямен туады. Бұл ағзасында бір мүшесінің жоқ болуы деген сөз», – дейді Венера Тельжанқызы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды

Түркістандық азамат көңілдесінен бала туған әйелін кешірмек

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр