Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ана “қыздық пердесінен айырылған” 3 жасар қызы үшін алаңдап жүр

Қазақстандық ана отандық бағдарламалардың біріне қоңырау шалып, қызының басынан өткен оқиғаны айтып берді. Сөзіне сенсек, үш жарым жастағы қызы қыздық пердесінен ойнап жүріп айырылып қалған.

child-807547_960_720

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

«Менің үш жарым жастағы қызым бар. Сол былтыр жазда ойнап жүрген кезінде жыныс мүшесінен қан кетті. Дәрігер мұның алдағы өміріне, яғни қыздық пердесіне еш әсер етпейтіндігін айтты. Жалпы үш жарым жастағы қызда қыздық перде бола ма? Әлде әшейін жүріп қанатып алды ма? Бастапқыда мән бермедім. Жаңа сіздердің бағдарламаларыңызды көріп отырып есіме түсіп кетті», – дейді ана.

Гинеколог маман өз кезегінде бірден әріптестеріне жолығуға кеңес берді. Мұнымен қатар, бүлдіршін кішігірім жарақат алып қалған болуы мүмкін деп болжады.

«Қыздық перде үш жарым жасар қызда да болады. Ол баламен бірге пайда болатын нәрсе. Тек өсе келе тесігі үлкеюі мүмкін. Бір жағынан қызыңыз басқа жарақат алып қалуы да мүмкін. Оны тез арада балалар гинекологына көрсетіңіз. Бұл мамандар қыз баланы туғанынан қабылдай береді», – дейді маман.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел: Пәк еместігімді күйеуім бетіме басқан емес

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Талқылау