Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BE WOMAN ASIA 2026: Алматыда ЖИ дәуіріндегі болашақ туралы жаһандық диалог өтеді

Фото: bewoman.asia

Facebook Live негізін қалаушы, Mosaic браузерін әзірлеушілердің бірі және "Оскар" сыйлығының екі дүркін иегері: Алматыда ЖИ дәуіріндегі болашақ туралы жаһандық диалог өтеді.

15 қазанда BE WOMAN ASIA 2026 форумы Алматыда 25 елдің ғылым, бизнес, технология және мәдениет салаларындағы көшбасшыларын біріктіріп, жасанды интеллект дәуіріндегі басты сұрақтардың бірін талқылайды: біз қалыптастырып жатқан болашақ үшін кім жауапты?

Бір кездері алғашқы графикалық интернет браузерлерінің бірін жасауға қатысқан әйелді, Facebook Live негізін қалаушыны, "Оскар" сыйлығының екі дүркін иегерін және ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақстандық әйелді не байланыстырады? 15 қазанда олардың барлығы Алматыдағы Республика сарайында өтетін BE WOMAN ASIA 2026 форумының бір сахнасында кездеседі.

Биылғы форумның тақырыбы – "Этикалық күш". Талқылаудың өзегінде жаңа дәуірдің басты сұрақтарының бірі тұр: егер жасанды интеллект шешім қабылдауға барған сайын жиі көмектесетін болса, сол шешімдердің салдары үшін кім жауап береді?

Бұл сұраққа теория жүзінде ғана ой толғайтындар емес, технологияларды өздері жасаған, халықаралық компаниялар құрған, жаңа индустриялардың қалыптасуына ықпал еткен, қоғамдық нормаларды өзгерткен және өз елдерінде жүйелі өзгерістерге қол жеткізген тұлғалар жауап іздейді.

BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық спикерлері қатарында:

  • Наталья Водянова – Импакт-инвестор, Naked Heart Foundation қорының негізін қалаушысы, супермодель, филантроп және БҰҰ-ның Халық саны саласындағы қорының (UNFPA) ізгі ниет елшісі.

  • Рэнди Цукерберг – Facebook Live жобасын жасаушылардың бірі әрі Zuckerberg Media компаниясының негізін қалаушы;
  • Пин Фу – Mosaic браузерін әзірлеуге қатысқан кәсіпкер әрі технология саласының көшбасшысы;
  • Шармин Обейд-Чиной – режиссер, "Оскар" сыйлығының екі дүркін иегері;
  • Джо Мэлоун CBE – британдық парфюмер, Jo Loves брендінің негізін қалаушы;
  • Тити Акинсанми – жасанды интеллект саласындағы саясат пен реттеу мәселелері бойынша халықаралық сарапшы;
  • Аюми Мур Аоки – Women in Tech Global ұйымының негізін қалаушы;
  • Кьяра Корацца – G20 EMPOWER бастамасындағы Франция өкілі.

Олардың тәжірибесі бірнеше онжылдықты қамтитын жаһандық өзгерістермен сабақтас: заманауи интернеттің қалыптасуынан бастап жасанды интеллект дәуіріне дейін.

Орталық Азияның болашағын BE WOMAN ASIA форумында бүгінгі күні нақты шешімдерімен, жобаларымен және жетістіктерімен қалыптастырып жүрген тұлғалар таныстырады:

  • Данна Карагусова – ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақстандық әйел.
  • Диляра Қайдарова – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, онкология саласының сарапшысы.
  • Ләззат Қалтаева – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелерін, соның ішінде халықаралық деңгейде көтеріп жүрген қоғам қайраткері.
  • Абзал Исабеков – Ferragamo сән үйінің аға дизайнері.
  • Әсел Амангелді – Гарвард университетінің түлегі, білім беру саласындағы EdTech платформасының негізін қалаушы.

Оларға Өзбекстаннан Шохида Ибрагимова, Тәжікстаннан Нафиса Имранова және Қырғызстаннан Эрке Жұмақматова қосылады.

BE WOMAN ASIA әдетте әртүрлі алаңдарда жеке-жеке талқыланатын технология, бизнес, адам құқықтары, мәдениет, білім беру және қоғамдық өзгерістер тақырыптарын бір диалогқа біріктіреді. Бүгінде бұл салалар бір-бірімен барған сайын тығыз байланысып, олардың бірінде қабылданған шешімдер екіншісіне де әсер етеді.

Фото: bewoman.asia
"BE WOMAN ASIA – Орталық Азия жаһандық күн тәртібінің нысаны болудан қалып, оның белсенді қатысушысына айналатын платформа. Жасанды интеллект дәуірінде күш ықпалмен емес, жауапкершілікпен өлшенеді. Біздің форум дәл осы туралы", – дейді BE WOMAN ASIA негізін қалаушы Жанна Кан.

15 қазанда BE WOMAN ASIA 2026 форумының негізгі бағдарламасы Республика сарайында өтеді. Ұйымдастырушылар офлайн форматта 3 000-нан астам қатысушыны күтуде. 16 қазанда бағдарлама воркшоптар, менторлық кездесулер және дөңгелек үстелдер форматында жалғасады.

Форумның негізгі бағыттары - жасанды интеллект, көшбасшылық, білім беру, денсаулық, кәсіпкерлік, мәдениет және инклюзия. Биыл форум 25 елдің өкілдерін біріктіреді.

Фото: bewoman.asia

BE WOMAN ASIA – бизнес, мемлекеттік басқару, ғылым, мәдениет және қоғамдық бастамалар салаларындағы көшбасшыларды біріктіретін халықаралық платформа.

2024 жылы негізі қаланғаннан бері BE WOMAN ASIA жобалары онлайн және офлайн форматтарда 15 000-ға жуық қатысушыны, 230-дан астам халықаралық спикер мен менторды және бизнес қауымдастығының 320 көшбасшысын біріктірді.

Әр жылдары форумға UNESCO, UNICEF, UN Women, Дүниежүзілік банк, ЕҚЫҰ, Harvard және Duke University секілді халықаралық ұйымдар мен академиялық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

2025 жылы CNN International BE WOMAN ASIA форумының жаһандық медиасеріктесі болды. Ал форумның ақпараттық науқаны 850 миллионнан астам цифрлық көрсетілім жинады.

BE WOMAN ASIA іс-шаралары Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанда өтті. Платформаның басты форумы жыл сайын Алматы қаласында ұйымдастырылады.

Биыл BE WOMAN ASIA төрт әлеуметтік бастаманы қатар дамытып келеді:

  • AMAN BOL - Women in Tech Kazakhstan ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылатын әйелдердің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоба.
  • BE WOMAN × HR Capital - әйел кәсіпкерлерге арналған гранттық білім беру бағдарламасы. Бағдарламаның алғашқы легіне 18 қатысушы қосылды.
  • Hidden Shero - қоғамның дамуына үлес қосқан әйелдердің тарихын жинауға арналған халықаралық жоба.
  • Female Founders - стартап негізін қалаушы әйелдерді қолдау бағдарламасы. Оның аясында 20 жоба инвесторлар алдында өтетін питч-сессияға қатысады.

https://bewoman.asia/tickets 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 06 Қазан, 2026 19:28