Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені алып қашып кетті": Абай Бегейдің қызы 16 жасында қалай тұрмысқа шыққанын айтты

Сымбат Абайқызы отбасымен
Фото: Instagram.com/symbatabaikyzy

Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат жеке өміріне қатысты бұрын ашық айта бермеген жайттарды бөлісті. Ол 16 жасында тұрмысқа қалай шыққанын айтып, болашақ жарының өзін келісімінсіз алып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сымбаттың сөзінше, ол ол кезде отбасын құруды жоспарламаған. Болашақ күйеуімен араласып жүргенімен, жағдайдың дәл осылай өрбитінін күтпеген.

“Күйеуге шығамын деп ойлаған жоқпын. Екеуміз сөйлесіп жүрген кезде ол мені алып қашып кетті. Бұл туралы бұрын әлеуметтік желіде айтпағанмын”, – деді ол.

Сымбат өзін алып кеткеннен кейін жігіттің үйінде қалмағанын да ашық айтты.

“Оның үйінен қашып кеттім. Кейін олар әкеме барып, рұқсатын алды. Қазір сол шешіміме өкінбеймін”, – дейді ол.

Оның айтуынша, бүгінде жұбайымен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ отбасында оған қысым жасалмайтынын, еркіндігі шектелмегенін және қайын жұртымен қарым-қатынасы жақсы екенін жеткізді.

Сымбат 18 жасында ана атанған. Оның сөзінше, ерте отбасын құрғанына қарамастан, тек үй шаруасымен шектеліп қалмаған және өз өмірін еркін жалғастырып жүр.

Еске салайық, Сымбат былтыр тамызда 16 жасында тұрмысқа шыққан еді. Кейінірек жүкті болған Абай Бегейдің қызы тағы да халықтан сөз естіді. 

Бұған қоса, Сымбат Абайқызы орамалын шешкені хабарланған еді. Кейінірек ол өміріндегі өзгерістерге байланысты оқырмандарына үн қатты. Ол жазбасында әркімнің өз жолы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бұл шешімін қолдап жатқан жандарға алғыс білдірген еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 06 Қазан, 2026 15:45