"Әр адамның өз жолы бар": Орамалын шешкен Абай Бегейдің блогер қызы оқырмандарына үн қатты

Жақында орамалын шешкен танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат өміріндегі өзгерістерге байланысты оқырмандарына үн қатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ән айтып отырған видеосын жариялады.
Ол жазбасында әркімнің өз жолы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бұл шешімін қолдап жатқан жандарға алғыс білдірді.
“Әр адамның өз жолы, өз сынағы бар. Мен де өз жолыммен жүріп келе жатқан пендемін. Түсіністік танытып, құрметтеп, қолдап жатқан барша жанға көп рақмет”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары блогерді қолдап, жарыса пікір қалдырған.
“Ең бастысы ниетте. Ниетің дұрыс болса болды ғой. Орамалмен жүріп те неше түрлі жаман нәрселер жасап жүрген адамдар да бар”, “Жап жас болып оранудың не қажеті бар? Имандылық жүректе болса болды”, “Өте әдемі. Орамал шеше ме, кие ме әркімнің өз тағдыры, басынан өтіп жатқан сынағы бар. Ешкімге сын айтатын құқымыз жоқ”, “Сіз үшін қуаныштымын, өте әдемі”, – деп жазған олар.
ОқыңызАйта кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің қызы, блогер Сымбат Абайқызы орамалын шешкені хабарланған еді.
Блогердің жеке өміріне қатысты жаңалықты оның енесі Ақмарал Қонақбаева әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан. Сондай-ақ Сымбат Абайқызы Ақтаудағы киім дүкендерінің бірінің парақшасында жарияланған видеода көзге түсті. Кадрлардан оның орамалсыз жүргенін анық байқауға болады.
Өнер иесінің қызына қатысты бұл жаңалық желіде екіұдай пікір қалыптастырды. Бір тарап оны хиджабты ойыншыққа айналдырды деп сынаса, екінші тарап мұны әркімнің жеке таңдауы деп бағалаған еді.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты