Қазақстандықтар жазғы Универсиадада екі қола жүлдеге ие болды
Фото: FISU
Германияда өтіп жатқан XXXII жазғы Дүниежүзілік Универсиада аясында қазақстандық спортшылар ел қоржынына тағы екі қола медаль салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл ақпаратты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
Таэквондошы Нодира Ахмедова 20 шілде күні өткен жекпе-жегінде Қытай елінің өкілімен кездесіп, қарсыласына есе жіберді. Жартылай финал сатысынан аса алмаған спортшы жарысты үшінші орынмен аяқтап, Қазақстанға қола медаль сыйлады.
Сол күні тағы бір таэквондо шебері Тілеулес Темірлан да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол украиналық қарсыласымен болған кездесуде ұтылып қалды. Алайда Темірлан жарысты үздік үштікпен қорытындылап, құраманың медаль санын арттырды.
Айта кетейік, бұған дейін көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таэквондошы Дамир Шүленов те Универсиадада қола медаль жеңіп алған болатын.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

