Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар салықтың қай түрін төлемейтін болды: Министр айтып берді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде салықтың қай түрі алынып тасталғанын, және қандай салықтар біріктірілгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн брифинг барысында министр мүліктік салықтың біріктірілгенін айтты. Ал көп пәтерлі тұрғын үйлерге салынатын жер салығы мүлдем алынып тасталмақ. 

"Қазіргі таңда бірнеше салықты бір салққа біріктіру туралы жоба дайындалды және бір салық алынып тасталады. Жеке тұлғаға салынатын мүліктік салықты және жер салығын біріктіріп төлеу ұсынылып жатыр. Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлердің жер салығы алып тасталатын болады. Бұл үш миллион салық төлеушіге қатысты", - дейді Дәленов.


Салықты қысқарту 2021 жылы жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда бұлл мәселені талқылау жұмыстары жүргізілуде. 

"Сонымен қатар, рұқсат алу үшін төленетін ұсақ салықтарды үлкен салықтарға қосып төлеу мәселесі де қарастырылатын болады. Бұл жүйені 2021 жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деп түсіндірді министр. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін салық бойынша миллиондаған өсімпұлдары кешірілетін қазақстандықтардың тізімі жарияланды. Қазақстанда салықтың саны қысқаратыны туралы да жазған болатынбыз.

Талқылау