Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ғашықпын саған, ғажабым": Олжас Абай Дариға Бадықоваға сезімін білдірді

Дариға Бадықова мен Очоу
Фото: instagram.com/ochooou_official

Актер Олжас Абай желідегі жаңа жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Ол Дариға Бадықовамен бірге түскен суретін жариялап, оған деген сезімін ашық жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, кейінгі бес жылда екеуі алғаш рет бір ай бойы көріспеген. Осы уақыт аралығы актерге арадағы сезімді басқа қырынан түсінуге әсер еткен.

“5 жылда бірінші рет бір ай уақыт көріспедік, екеуіміз де оңай адам емес екенбіз… Тылсым сезім жек көрген сайын, естен тандырып жақсы көргізіп жіберетіні таңғалдырады”, – деп жазды ол.

Олжас Абай енді махаббат пен сезімге бұрынғыдай қарамайтынын да жасырмады. Актер сүюдің ерекше күй екенін айтып, жазбасын Дариға Бадықоваға арналған жылы сөзбен түйіндеді.

“Сүю деген керемет екен ғой. Бұрын қалай білмегем. Сендер де айтпайсыңдар. Ғашықпын саған, ғажабым”, – деді актер.

Еске салайық, бұған дейін Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйелінің сұхбатына жауап берген еді. Оның сөзінше, ол ұлдарына уақытылы алимент төлейді, сондай-ақ оларға сыйға тартылатын пәтер де дайын тұр.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек, 2026 18:39