Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салықтың барлық түрін төлеуден бас тартамын": Алматылық сәулетші жемқор шенеуніктерді "асыраудан" шаршағанын айтады

26 жастағы алматылық сәулетші Темірлан Қалыбаев салықтың барлық түрін төлеуден бас тартатынын мәлімдеп, халықты өзімен еруге шақырды. Stan.kz тілшісі бастама көтерген жігітпен сөйлесіп, бұл жолдауының мәнісін, себебін сұрады.

Бала кезден патриот болдым

Темірлан жастайынан саясатқа қызыққанын, ерте кезден патриот болғанын айтады.

"Жеке басым өз бетімше әрекет етуге үйренгем, бәріне өз күшіммен және мүмкіндігіммен қол жеткізуге тырысамын. Әйеліммен және ұлыммен бірге пәтер жалдап тұрамыз, үйлену тойымды өз қаржатыма төтенше жағдай басталмай тұрып бір апта бұрын жасадым. Уақыт өте келе саясатпен өмір сүретінімді түсіндім,  күн сайын жаңалықтарды қараймын, достарыммен жаңалықтар мен саясатты талқылаймын, барлық оқиғалардан хабардар болуға тырысамын.

Анам маған кішкентай кезімде күнде түнгі 12-де "Жарылған намыстан қаһарман халықпыз" деген жолдары бар Қазақстанның ескі әнұранын күтіп, теледидармен қосылып шырқайтынымды айтып берген. Соған қарап өзімді бала кезден патриот болдым деп ойлаймын", - дейді ол. 

Айтуынша,  ол ешқандай саяси партиялар мен экстремистік ұйымдарда тұрмайды және "ДВК"-мен Әблязовпен байланысы жоқ. 

"Мен өз еліме бей-жай қарай алмайтын азаматпын, сондықтан өз қозғалысымды құрдым. Мен әрқашан логиканы, жоспарлауды және оның салдарын басшылыққа аламын", - дейді Темірлан.

 

Қазақстан халқы үшін бәрі тегін болу керек

Темірлан "Каһарман һалықпыз" жастар қозғалысы 2020 жылдың 16 шілдесінде құрылғанын айтады. Оны ортақ мақсатқа, елдегі азаматтардың әл-ауқатын көтеру мен бақытына қол жеткізу үшін мүдделестерді табу және біріктіру, Қазақстан халқын біріктіру үшін құрған. Ал басты мақсат - Қазақстанда өмір сүруге, жұмыс істеуге және білім мен медицина қызметтерін қабылдауға және демографияны көтеруге дайын адамдарды табу.

"Біз Қазақстан жастары, отбасылы болған соң жеңілдікпен берілетін тұрғын үйге, тегін білім алуға, тегін медицинаға, тегін балабақшаға және басқа да мүмкіндіктерге мұқтажбыз", - дейді ол.

Оның айтуынша,біздің табиғи ресурстарымыз, халықаралық туризмді дамыту үшін көркем табиғатымыз, Менделеев кестесінде элементтерге бай жерасты қазбаларымен мемлекеттің 19 млн халыққа барлық игіліктерді тегін беру мүмкіндігі бар.

"Менің қозғалысым, бұл үкіметті толығымен құлатуға немесе адамдар үшін өмірді абсолютті түрдегі қолайлы өмір жасап шығаруға бағытталмаған, мен тек әділеттілікті қалаймын, әркім өз сөздері үшін жауап береді, сондықтан заң жай ғана жұмыс істемей тұрмау керек, әділ әрекет ету қажет, сондықтан салық жай ғана алынбай, мемлекет халқына жағдай жасауы тиіс. Қазақстанның талантты тұлғалары біздің еліміздің атынан сөйлегенін, өз елінің игілігі үшін мақтанышпен жұмыс істеенін және шетелдегі өмірге қызықпағанын қалаймын", - дейді ол.

Елдегі әділетсіздіктен шаршаған азамат ең басты проблема  салықтың түрлері мен олардың негізсіздігі және осыған сай қазақстандықтарға жағдай жасалмайтындығы дейді.

"Мен әділетсіздіктен, мемлекеттік биліктің өтірігі мен олардың әрекетсіздігінен, ол жақтағы жемқорлықтың шексіздігінен, шенеуніктер арасындағы бюджет қаржысын жымқырудан, депутаттар мен үкіметтің әрекетінен, Қазақстанда бәрі сатылып, сатып алынатынынан (көл, қорғаудағы жер болса да) шаршадым (бәлкім тек мен емес).

Ең үлкен наразылық тудыратыны - біздің салықтар (зейнетақы аударымдары, мед. сақтандыруға аударымдар, табыс салығы, мүлік салығы, көлік салығы және бұл тек жеке тұлғалар үшін), ал заңды тұлғалар үшін салықтарды айтып та тұрған жоқпын. Шағын және орта кәсіпті жүргізу мүмкін емес, онымен қоймай тағы да бизнесті тексереді. Бірақ ең бастысы, салық төлеушілер салықтарын төлеп жүр, сонда халыққа көрсетілуі тиіс игіліктер қайда, неге тегін балабақша, колледждер мен жоғары оқу орындары жоқ?! Оқушылар үшін тегін түскі ас, Қазақстанның көрікті жерлеріне бару неге тегін емес? Ондай жерлерге кіру тек шетелдіктерге ақылы болуы тиіс. Ал Қазақстан халқы үшін тегін болуға тиісті. Бүкіл Еуропада солай емес пе?", - дейді бастамашыл жігіт.

Ол өз сөзінде финдердің принциптерін тілге тиек етті: 

"Финдерді мысал келтірейін олардың принциптері маған өте ұнады. Көптеген финдерде сән-салтанатқа қызығушылық жоқ. Салтанат -  бұл дегенераттар үшін ортағасырлық ойын-сауық. Алтын унитазға тек дегенерат қана отыра алады. Финдер өз отбасын халқының басқа өкілдерінің есебінен заңсыз байыту өз халқына деген жеккөрушілік деп қабылайды. 
Финдар өз балаларының жаңдайын жасау үлкен зиян екеніне сенімді. Егер адам білім және өзінің табыстары арқылы мұраға заңды түрде кіре алмаса, онда ол құқыққа лайық емес. Өз балаларының болашағын тек кеседі деп түсінеді", - дейді ол.

 

Мақсатым -  салық төлеуден бас тартуға көндіру

Темірлан қозғалысын ары қарай да дамытып, нәтижесінде еліміздің даму бағдарламсын жазу жоспары бар екенін айтады. Ал бастысы, халықты салық төлемеуге шақыру, дейді ол. Осы және төмендегі дүниелерді орындаймын, дейді қозғалыс жетекшісі.

1. Бәрін болмаса да, көбісін салық төлеуден бас тартуға көндіру. Егер біз өз жинақтарымызды бақылауға және сақтауға мемлекетке беретін болсақ, онда біз оның орнына бізге не беретініне сенімді болуымыз керек.
2. "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 28 қаңтардағы бірінші Конституциясын 2020 жылы толықтырылған өзгерістерімен қоса, оны республикалық референдумда бекітуді немесе бекітпеуді ұсыну және таңдау.

3. Мемлекеттің қаражатын қатаң үнемдеу, оларды құрылыс, балабақша, ауруханалар, мектептер және т. б. жұмсау.
6. Қажет емес ұлттық палаталарды алып тастау. Барлық міндеттерді министрліктерге беру және Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын алып тастау, Сенат депутаттарын қысқарту және депутаттарды Сенатқа таңдау үшін әр облыстан халық таңдап алатындай мүмкіндіктер жасау. Түрлі комитеттер, агенттіктер, департаменттерді қысқарту, әкімдердің сайлауын ұйымдастыру. Министрліктерді қысқарту және қажетсіз адамдарды мемлекеттік қызметтен алып тастау, ІІМ-ні демилитаризациялау, тек полиция қызметкерлеріне ғана атақтарды қалдырып, ал әкімшілік қызметкерлер үшін атақтарды алып тастау. Сондай-ақ, президент, депутаттар, шенеуніктерді және барлық мемлекеттік билікті қол сұғылмаушылықтан айыру, кез-келген қылмыс үшін Қазақстанның қарапайым халқы сияқты жауапкершілікке тартылуын қадағалау.

 

Бассыздықты доғару керек

"Шыдап жүруді қою керек. Жаңалықтардан қыруар ақшаның белгісіз жерлерге кетіп жатқанын көргенде, ал халық оны тек желіде ғана талқылайды, солай болуы керек сияқты сынайды, барлығы сөз жүзінде қалып жатыр, сөзден іске көшу керек. Неге 30 жыл бойы қазақстандықтардың көпшілігі бостандық, еркіндік үшін күресуге қорқады? Өйткені олардың барлығы қанағаттанады, бірақ бұл өзімшілдік, халық әрдайым ұйымшыл болуы тиіс, барлығына бірге қол жеткізуге тиіс, себебі күш халықта болған және солай болып қалады. Мысалы, қырғыздар 30 жыл ішінде өздерінің рухы мен ұйымшылдығын жоғалтпады, олар әрдайым жеңіске жетеді, себебі олардың күші - бірлікте, ал қазақстандықтар туралы бұлай айта алмаймыз", - дейді ол.

Мұндай бассыздықтарға тоқтау керек екенін алға тартқан Темірлан халықты мемлекеттік қызметкерлерді асырамауға шақырады.

"Қазақстанда қаншама адамдардың көмек жетпей коронавирустан көз жұмып жатқандары, біздің денсаулық сақтау деңгейін көрсетті. Ең қызығы, мемлекет президенттің бұйрығын орындамады. Билік өз міндеттерін атқара алмады және қиын кезде дәрі дәрмектерді алып-сатудан ақша тапты. Үкімет шенеуніктері демалыста жүрді, олар биліктегі халық өкілдері, бизнесмендер емес, халық өз күнін өзі көрді.

Осындай жағдайда халық мемлекеттік қызметкерлері өз қалтасындағы қаржысымен асырамау керек. Бұл бассыздықты доғару керек", - дейді қозғалыс жетекшісі.

 

Митингтерге шақырмаймын

Көптеген адамдар лайкпен қолдады, кейбіреулер сынады, бірақ олар өз тарапынан ештеңе ұсынбады. Мен митингтерге шақырмаймын, бұл маған қажет емес, себебі ол ешқандай нәтиже бермейді. Оның орнына "қаржы жинап жатқан мемлекеттік машинаны" тоқтатуға шақырамын, біз мемлекеттік билік ережелері бойынша шеберлікпен ойнауға тиіс екенін түсінуіміз керек. Егер мұны қазір жасамаса, онда бізді осылай тағы да 30 жыл басқарады, ал халық "құл" болады.

 

Мақсаттарым - нәтижеге жету

  • Менің негізгі мақсатым мемлекеттік билікті халықтан ақша тапқан бизнесмендер емес, елдің болашағы мен оның азаматтары туралы ойлайтын адамдар басқаруы үшін халықтық билікке ауыстыру. ҚР Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру үшін, сот үкімдерді шығарарда тек Конституция мен заңды ғана басшылыққа алатындай ету. Полиция, ҰҚК және әскер әрқашан халықты қолдауы тиіс, өйткені халық мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады.
  • Бейбіт митингілер, ереуілдер, жалғызбастық пикеттер, наразылықтар еліміздің күнделікті өміріне сіңіп кетті. Егер адамдар құқықтары бұзылғанын сезінсе, оларды сақтауды қорғауды талап ету керек. Конституция мен Заң мемлекеттік билікті басшылыққа алған нәрселерден де жоғары болуы керек. Мемлекет тек қағаз жүзінде емес, шын мәнінде халықты есту қажет. 
  • Кез-келген адам шектеулі уақыт өмір сүреді және ол қазір жасап жатқан игіліктерді болашақ ұрпаққа, бала-шағасына қалдырады. Олар бізден кейін қалыптасқан елде өмір сүреді, біз салған үйлерде өмір сүреді, біз құйған жолдармен жүреді.  Егер біз барлық табиғи байлықты сарқытып алсақ, онда біз болашақ ұрпаққа не қалдырамыз?
  • Зейнеткерлер лайықты зейнетақы алуы тиіс, өйткені олар қиын уақытта дүниеге келді және өмірдің барлық ауыртпалығын көрді. Олардың зейнетақысы бір кездері ел игілігі үшін еңбек еткендері үшін алғыс іспеттес болуы тиіс.
  • Біз сондай-ақ табиғатты, қоршаған ортаны қорғауымыз керек, қоқыстарды лақтырмайуымыз керек. Сондай-ақ, үй жануарлары үшін дамыған ел ретінде барлық жағдай жасау, оларға ізгілікпен қарау, оларды сүю және күту, жануарларды қорғау туралы Заң шығару және оларға қарсы жасалған қылмыстар үшін қатаң жазалау қажет.

"Facebook әлеуметтік желісіндегі "Каһарман һалыкпыз "жастар қозғалысына, ел болашағына бей-жай қарамайтын жастарды шақырғым келеді, өйткені біз еліміздің болашағымыз, ал халықтың күші бірлікте - ал біз бірге күшейе түсеміз", - дейді Темірлан Қалыбаев. 


Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді

Талқылау