Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасы төмендейді
10-12 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы төмендейді, оңтүстікте жазғы жылы ауа райы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейіп, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.
Еліміздің оңтүстік-шығысында 12 қыркүйекте жаңбыр жауады, ал жылы ауа райы сақталады. Сонымен қатар батыста циклон өткеннен кейін жауын-шашын әлсіреп, ауа райы біртіндеп тұрақтанады.
Ауа температурасы солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде +13…+23°С-қа дейін, орталықта +15…+25°С-қа дейін төмендейді. Ал батыста температура біртіндеп +20…+28°С-қа дейін жоғарылайды.
Еске сала кетейік, Екібастұз тұрғындары көк тұман мен күйік иісіне тұншығып отыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
