Қазақстанның 5 көрікті жері ресейлік National Geographic журналына енді (фото)

Қазақстанның 5 көрікті жері National Geographiс журналының ресейлік нұсқасына енді.

Тізімге 1911 жылғы жер сілкінісінен кейін пайда болған Қайыңды көлі енді.

00001282

Сондай-ақ, ХІV ғасырда салынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі кірді.

bsl_2761_mavzoleiy-hodji

Үшінші Балқаш қаласының солтүстігінде 70 шақырым жерде орналасқан Бектау-ата тауы аталған. Бұл таудың көрінісі әсемдігімен ерекшеленеді. Таудың жанында кішігірім көл бар.

img-100_

Тізімді Маңғыстау облысындағы Оғланды елді-мекеніндегі Бекет-ата мешіті жалғастырады. Ол ХVІІ қасырда салынған.

img_4339

Сонымен қатар тізімге елордадағы «Бәйтерек» монументі де енген.

28_wide

«Бәйтерек» сөзі қазақ тілінде жас, мықты ағаш атауы. Жоба авторы осылайша мемлекетпен қатар ел тарихы сақталып, болашағымыз көркейе берсін деген ниетпен қолға алған», – деп жазады басылым.

National Geographic журналын Қазақстанда осы жылдың наурыз айынан бастап шығара бастады. Журналдың алғашқы санында Маңғыстаудың көрікті жерлері жарияланған еді.

2015 жылы Монғолиядағы «дәстүрлі қазақ тойының» суреті жарияланып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр