Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыздық бойынша төлем мөлшері мен мерзімі қысқарады
Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемнің мерзімі мен мөлшері қысқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек министрлігі әзірге бұл өзгеріс пилоттық режимде енгізілетінін мәлімдеді.
"Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және тиісті құқығы бар азаматтарға беріледі. Төлем мерзімі жүйеге қатысу өтіліне байланысты. Қазіргі уақытта төлемді алты айға дейін алуға болса, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап оның мерзімі ең көбі үш ай болады", - деп мәлімдеді министрлік.
Төлем мөлшері азаматтың орташа айлық табысы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты есептеледі. Қазір оның мөлшері соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 45 пайызын құрайды.
Алайда 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері жеті ең төменгі жалақының 45 пайызы деңгейінде шектеледі.
"Бұрынғыдай, әлеуметтік төлемді тағайындау құқығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап пайда болады. Бұл мәртебені алу үшін алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет", – делінген ақпаратта.
Ұсынылған бос жұмыс орындарынан үш рет негізсіз бас тартқан жағдайда азамат жұмыссыз мәртебесінен айырылады және әлеуметтік төлем тоқтатылады.
Еске салсақ, осыған дейін 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі өзгеретінін жазғанбыз.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған
