Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның жас таланты жеңілмеген әзірбайжандықпен жекпе-жек өткізеді

Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Абай Жалал Octagon 55 турнирінде жеңілмеген әзірбайжандыққа қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: abay_zhalal Instagram парақшасынан алынды

ММА-ден жас талантты спортшы Абай Жалал 16 ақпан күні Octagon 55 турнирінде жеңілмеген Мехеммед Исмаиловқа (3-0 ) қарсы жұдырықтасады. 61 келіде сынға түсетін Абай үшін бұл кәсіби мансабындағы төртінші жекпе-жек болмақ. Ол осы уақытқа дейін Octagon тұжырымында 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен еді. 



Айта кетейік, Абай Жалал Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан сияқты саңлақтарды жаттықтыратын Дәнеш Дүнгенбаевтың қол астында дайындалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзірбайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасында Еуропа чемпионаты өткені туралы жазған едік. 

Талқылау