Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Франция астанасы Парижде Ұлттар лигасы 2024-2025 жылғы маусымның жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футбол лига нации

Фото: KFF

Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы аясында өтетін жарыстағы қарсыластары белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша құрамамыз Холанд, Алаба секілді әлемдік жұлдыздарға қарсы ойнайды.



Қазақстан құрамасы В лигасының 3-тобында Австрия, Норвегия және Словения құрамалармен күш сынасады.

Топтық кезеңнің ойындары биыл 5 қыркүйек пен 19 қараша арасында, Алматы қаласында өтеді.

Айта кетейік, Ұлттар лигасында өз тобында жеңіске жеткен құрамалар әлем чемпионатының жолдамасына таласады.

Талқылау