Елена Рыбакина Australian Open чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін алғашқы кездесуін жеңіспен бастады
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA 500 сериясы турнирінің алғашқы кездесуінде Даниэль Коллинзді жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: WTA
Рыбакина бірінші сетте 4:6 есебімен жеңіліп жатқанына қарамастан келесі екеуін 6:3, 6:3 есебімен ұтып, жеңісті жұлып әкетті.
Қарсыластар кортта 2 сағат 20 минут өткізді. Жеке кездесулерде Елена 3-1 есебімен алға шықты.
- Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілердің тізіміне енді
- Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төменге түсіп қалды
Ширек финалда Рыбакина Кристина Буха (№74, Испания) – Хизер Уотсон (№156, Ұлыбритания) жұбының үздігімен күш сынасады.
Бұған дейін Australian Open Елена Рыбакинаның тартысын "ең үздік матч" деп атаған еді. Australian Open 2024 турнирінің екінші кезеңінде Рыбакина ресейлік Анна Блинковамен кездесіп, сенсациялық түрде одан үш ойында 4:6, 6:4, 6:7 (20:22) есебімен жеңіліп қалды.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған

