Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілердің тізіміне енді
Елена Рыбакина әлемдегі ең бай теннисшілерінің тізіміне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ktf.kz
Қазақстандық спортшы биыл 2022 жылмен салыстырғанда 2 миллион долларға артық табыс тапқан.
Metaratings 2023 жылы ең көп жүлде алған теннисшілердің тізімін жариялады. Осы маусымда ең көп табыс тапқан соңғы жарыстың жеңімпазы Ига Швитек – 9,86 миллион доллар. Беларусь теннисшісі Арина Соболенко 8,2 миллион доллар жүлдемен екінші болды.
Сонымен қатар үздік бестікке Коко Гауфф (6,67 миллион), Джессика Пегула (5,97 миллион) және Елена Рыбакина (5,49 миллион) кірді.
Айта кетейік, өткен жылы қазақстандық спортшы 2 миллион долларға аз табыс тапқан (3,57 миллион).
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған