Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төменге түсіп қалды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық жарыстардың рейтингін жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үшінші орыннан бесінші орынға төмендеді. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева алты позицияға төмендеп, қазір 70-орында.
Алғашқы екі орынды польшалық Ига Швентек пен беларусиялық Арина Соболенко иеленді, ал бұрын бір саты төмен болған америкалық Кори Гауф үшінші орынға көтерілді.
Қазақстандық жұптық жарыстардың үздік ойыншысы Анна Данилина 44-орнын сақтап қалды.
Бельгиялық Элиза Мертенс жұптық сында жаңа көшбасшы атанды.
Бұған дейін Елена Рыбакина камбэк жасап, әлемнің экс-бірінші ракеткасын жеңгені айтылды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?