Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина камбэк жасап, әлемнің экс-бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің екінші кезеңіне шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

елена

Бірінші айналымдағы кездесуде Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, чехиялық Каролина Плисковамен (WTA рейтингінде 38-орын) кездесті. Алғашқы ойында Қазақстан теннисшісі 0:2 есебімен ұтылып, кейін ойынды тайбрейкке жеткізді. Онда Елена бастапқыда 0:3 және 3:6 есебімен жеңілгенімен, соңында 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте Рыбакина сенімдірек әрекет етіп, кездесуде 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Рыбакина мен Плишкова үш рет кездесіп, үш кездесуде де Елена жеңіске жеткен еді. Енді бетпе-бет кездесудегі есеп 4-0 болып, ойын Қазақстан спортшысының пайдасына шешілді.

Аустралия ашық біріншілігінің екінші айналымында Рыбакина әлемнің 57-ракеткасы ресейлік Анна Блинковамен кездеседі.

Талқылау