Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирде US Open 2019 чемпионын жеңді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 сериясы турнирін сәтті бастап, Бианка Андреескуды жеңді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлемнің 44-ші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда Канада өкілі, US Open 2019 чемпионатының чемпионы Бианка Андреескуды 7:6 (7:2), 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.

Екінші айналымда Юлия бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 08 Ақпан, 2023 11:05
Талқылау