Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші АТР 500 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Галл қаласында өткен АТР 500 турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

бублик

АТР рейтингінің 48-орнында тұрған Бублик финалда ресейлік Андрей Рублевпен ойнады. Матч 1 сағат 35 минутқа созылып, 6:3, 3:6, 6:3 есебімен отандасымыз басым түсті. 

Бублик осылайша спорттық мансабында АТР турнирлерінде сегізінші рет финалға шығып отыр. Бірақ бір рет қана чемпион атанған. 

Сайыста жеңіске жеткен Александр Бублик 410 515 еуро пен 500 рейтингтік ұпай алады. Осылайша ол әлемдік рейтингте 22 сатыға көтеріліп, қазір 26-орында тұр. 

Талқылау