Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 418-орын) Сарасотадағы (АҚШ) турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңінің бірінші кезеңінде Попко америкалық Исайя Стродқа (1045-орын) еш мүмкіндік бермеді. (6:2, 6:2)
Енді негізгі жеребеге шығу үшін қазақстандық Захари Свейда (АҚШ, 228-орын) мен Дональд Янг (АҚШ, 611-орын) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.
Сарасотадағы "Челленджердің" жүлде қоры 160 мың доллар. Жеңімпаз 21 650 доллар ұтып, 125 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетейік, Дмитрий Попко биылғы маусымды тек наурыз айының аяғында бастады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

