Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымалдар науқас баланың еміне халықтан 1 млрд теңге жинап берді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бастаған бір топ қазақстандық танымалдар Нұртас Ерболұлы есімді бүлдіршіннің сборын жабуға көмектесті. Баланың еміне құны 1 млрд теңге тұратын әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты қажет еді. Нұртас жақын арада қажетті емді алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұртас Ерболұлына сирек кездесетін арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Баланың ата-анасы 2021 жылдың наурыз айынан бастап халықтан көмек сұрап келеді. 1 жыл 1 ай дегенде 1 млрд теңге жиналды. 

Айнұр Тұрсынбаева бірнеше күн бойы әріптестерімен бірге Instagram-ның тікелей эфиріне шығып, сборды жапты. 

"Қазақ елінде тағы 1 сбор жабылды! Тағы да МИЛЛИАРД! 2 айда қарапайым халықтың көмегімен 2 МИЛЛИАРД сборды жауып ТМД елдерінде болмаған РЕКОРД жасадық. Бұл жай ғана ақша емес, бұл – өмір. Бұл болашағымызға салынған инвестиция! Атымтай жомарт, ақжүрек оқырмандарыма басымды иіп алғыс білдіремін. Оразаларыңыз қабыл болсын!" - деп жазды Тұрсынбаева.


Қазақстандық блогер алматылық дәрігерлерді баланың көзіне отаны дұрыс жасамады деп айыптады


Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жұлдыздар Айсезім Еркін есімді тараздық бүлдіршіннің еміне үш күнде 300 млн теңге жинап берген еді. Белсенділер мұнымен де тоқтап қалмақ емес. Олар ендігі кезекте дәл осындай дертпен ауыратын Айкүміс Сәрсен есімді сәбиге көмектеспек.

 

 

Талқылау