AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогер алматылық дәрігерлерді баланың көзіне отаны дұрыс жасамады деп айыптады

Белгілі блогер Айдын Тоқсанбаева (@janym_baklajanym) алматылық дәрігерлер баламның оң көзіне жасалу керек болған отаны сол көзіне жасады деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Блогердің айтуынша, олар Манас 40 мекенжайы бойынша орналасқан "Балалар шұғыл медициналық орталығына" квота арқылы көзіне операция жасатуға келген. Алайда дәрігерлер құжатта көрсетілгендей баланың оң көзіне емес, сол көзіне операция жасаған.

Ашуға булыққан Тоқсанбаева көзіне жас алып, желідегі парақшасында болған жайтты баяндады. 

"Оң көзінде киста болған. Ол кейін түсіп қалды. Түбінде тамыры қалып кетті, соны алу керек деген. Квотамен келіп отырмыз. Кеше түннен бастап ештеңе жегізбей, ішкізбей, таңертең баланы алып кетті. Енді оң көзіне жасалуы керек болғаны отаны сол көзіне жасап әкеліп тұр", – дейді Айдын Тоқсанбаева. 

 

Аталған оқиғаға қатысты Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді. 

“05.04.2022 жылы туған 4 жасар науқас Т. жоспарлы түрде Балалар шұғыл медициналық орталығының офтальмология бөліміне келіп түсті. 
Операция бөлмесінде наркоз салынып, оң жақ қабағына тексеріс жүргізілген. Онда өздігінен түскен халязионның орны болған, хирургиялық араласуды қажет етпеді. 



Хаттамаға сәйкес, сол жақ қабағын тексеріп, кіші көлемдегі халязион анықталды. Жасалған анестезияны ескере келе, халязионды алып тастау туралы шешім қабылданды. Солай жасалды", – деп хабарланды басқармадан. 

Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты екені айтылды.

"Негізгі дерт бойынша ем қабылдау офтальмология бөлімі жағдайында жалғасады", – деп түйіндеді басқармадағылар. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр