AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымалдар науқас қыздың еміне үш күнде 300 млн теңге жинап берді

Тараздық Айсезім Еркін құны 1 миллиард теңге тұратын әлемдегі ең қымбат препаратқа қол жеткізетін болды. 1,5 жасар бүлдіршіннің еміне қаржы жинауға қазақстандық танымал жұлдыздар мен кәсіпкерлер көмектесті. Айнұр Тұрсынбаева бастаған топ соңғы үш күнде 300 миллион теңгеге жуық ақша жинады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айсезімге арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Оған әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты қажет еді. Сәбидің ата-анасы қаржы жинауды былтыр наурыз айында бастаған. 11 ай дегенде отбасы діттеген мақсатына жетті. 

Қазіргі уақытта Айсезім 1 жас 7 айлық. Ал сауығып кетуі үшін аталған препарат оған 2 жасқа дейін салынуы керек. Денсаулық жағдайы да ескеріледі. Соңғы күндері Айсезімнің жағдайы күрт нашарлап, жан сақтау бөліміне түскені белгілі. 

Осы орайда қазақстандық танымал әнші-актерлер, ақындар мен блогерлер, кәсіпкерлер бүлдіршіннің тағдырына бей-жай қарай алмады. Айнұр Тұрсынбаева үш күн бойы тапжылмастан тікелей эфирде отырып, қайырымдылық марафонын өткізді. Ол өнердегі әріптестерін эфирге қосып, олардың оқырмандарымен бірігіп, игі іс жасады. 



Сборды жабуға Айнұр Тұрсынбаева, Луина, Нұрболхан Шарапов, Қайрат Нұртас, Баян Алагөзова, Нұрлан Қоянбаев, Алтынай Жорабаева, Дәулет Мұқаев, Қуаныш Шонбай, Елдос Қадірханов, Жансерік Қадырбаев және тағы да басқа көптеген елімізге белгілі жұлдыздар мен блогерлер, кәсіпкерлер көмектесті. 

"Айсезім осы сәтті тұп-тура 1 жыл күтіп жатты. Осыдан 4-ақ күн бұрын 301 миллион қалғанын естіп жинауға 1 ай уақыт кететін шығар деп ойлағанмын. Сосын күні-түні дұға тіледім. Алғашқы күнгі халықтың қарқынын көріп 7 акпан күні толық жинаймыз деп сенімді болдым. Ең басты байқағанымды айтайын ба? Халықтың ниеті тап-таза екенін, мейірімді адамдардың өте көп екенін, қазақтың қанындағы тектіліктің жоғалманын көрдім. Сөз жоқ халқыма! Барлығы менен "шаршадың ба?" деп сұрап жатыр. 1,5 жасар сәби өмір мен өлімнің арасында жүрегі біресе соғып, біресе тоқтап жатқанда 3 күн отыру не бопты тәйірі. Енді ұйықтайық. Қазақ болып тумағанда не етер ем?!" - деп қуанышымен бөлісті ақын Айнұр Тұрсынбаева. 

Айта кетейік, Ернар Айдар Таразда өткен концертінен түскен қаражатты Айсезімнің еміне аударған болатын. Сондай-ақ, Луина, Мақпал Исабекова, Лидо, Рано Омарова бастаған бір топ өнер өкілдері Алматыдағы сауда орталықтарында қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізді. Олар гардеробындағы сахналық киімдерін сатылымға шығарып, түскен қаражатты Айсезімнің еміне аударды. Ал блогер Жансерік Қадырбаев өз атынан сбор ашып, оқырмандарынан 106 миллион теңге жинап берді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр