Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Қадырбаев тараздық бүлдіршіннің еміне 106 млн теңге жинап берді: Оған әлемдегі ең қымбат препарат қажет

Танымал блогер Жансерік Қадырбаев тараздық Айсезім Еркіннің еміне 106 миллион теңге аударды. Қомақты қаражатты блогердің оқырмандары небәрі үш күнде жинаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1,5 жасар Айсезімге арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Оған құны 1 миллиард теңге тұратын әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты қажет. Әзірге бүлдіршіннің ата-анасы 595 миллион теңге жинап үлгерді. Оның 106 миллион 700 мың теңгесін Жансерік Қадырбаев оқырмандарынан жинап берді. Айсезімнің ата-анасы блогерге ерекше алғысын білдірді. 

"Аса құрметті Жансерік мырза. Біздің отбасымыздың қасіретіне, Айсезімнің ауыр дертіне бей-жай қарамай, өзіңіздің адал жүрегіңізбен Айсезімге берген көмек қолдауыңыз үшін, барлығы үшін көп ризашылығымды білдіреміз. Басымызды иіп алғыс айтамыз. Тарихта болмаған таңғажайыпты жасадыңыз. Біз сізге жақсы, мейірімді, жарқын өмір тілейміз. Осындай қиын кезеңде сіздей мейірімді, қайырымды, жақсы адам үшін Аллаға шукір дейміз. Сіз біздің жүрегімізге сенім ұялаттыңыз.  Шын жүректен Сізге денсаулық, саналы ұрпақ, адал жар, басыңыздағы бейбітшілік, үйдегі молшылық, ішкі үйлесімділік пен жүрек үшін қуаныш тілейміз. Сізді өмірге әкелген ата-анаңыз аман болсын, әрқашан шын жүректен қолдап жүретін РОДНОЙларыңыз аман болсын. Аллам сіздің пейіліңізге үйіп-төгіп нәсіп берсін", - деп ризашылығын білдірді сәбидің ата-анасы. 


​​​​​​​​​​​​​​Мақпал Жүнісованың рөлін сомдаған актриса Халық әртісінен кешірім сұрады


Айта кетейік, өткен жолы Ернар Айдар Таразда өткен концертінен түскен қаражатты Айсезімнің еміне аударған болатын. Сондай-ақ, Луина, Мақпал Исабекова, Лидо, Рано Омарова бастаған бір топ өнер өкілдері Алматыдағы сауда орталықтарында қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастыруда. Олар гардеробындағы сахналық киімдерін сатылымға шығарып, түскен қаражатты Айсезімнің еміне аудармақ. 

Талқылау