Қазақстандық спортшылар UFC жұлдызымен бірге жаттығып жатыр
Қазақстандық ММА спортшылары Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов алда болатын жекпе-жектеріне дайындалуда. Олар АҚШ-тағы танымал спорт залдарының бірінде және UFC жеңіл салмақтағы жұлдызы Дастин Порьемен бірге жаттығып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Файтерлер жекпе-жекке дайындықты АҚШ-тағы танымал залдардың бірі American Top Team- бастаған. Майамидегі спорт залы аралас жекпе-жек жұлдыздарының жиі жаттығатын орыны болып табылады. Қазір қазақстандық спортшылар UFC жеңіл дивизионының жұлдызы Дастин Порьемен бірге дайындалуда. Олардың бірге түскен суретімен Сергей Instagram парақшасында бөлісті.
"Қазақтарды тізе бүктіреміз": Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы жекпе-жек алдында сес көрсетті
Дастин Порье соңғы кездесуінде ирландиялық Конор Макгрегорды жеңген болатын.
Еске салайық, Жұмағұлов анголалық Манел Капеге қарсы жекпе-жегін 4 желтоқсан Лас-Вегаста өткізеді. Ал Морозов 13 желтоқсанда бразилиялық Дуглас Силва де Андрадеге қарсы кездесу өткізеді.
Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді: Саясаттанушылар жауабы
Сондай-ақ вице-президент нақты қандай қызмет атқаратынын анықтадық
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді