Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтарды тізе бүктіреміз": Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы жекпе-жек алдында сес көрсетті

Анголалық спортшы Манел Капе жекпе-жек алдында Жалғас Жұмағұловқа сес көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі анголалықтың Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Манел Капе

Манел Капе бұған дейін де Жұмағұловқа қатысты хабарландыру жасаған болатын. Ол Жалғасты "бешбармақпен" салыстырып, "Өз бешбармағымды 4 желтоқсан жеймін" деген болатын. Отандасымыз қарсыласының хабарламасына "Жеңілістен кейін қалпыңа келетін кезде бешбармақты көбірек же" деп жауап берген еді. 

Манел Капе бұдан кейін де сес көрсетуін жалғастырды. 

"Бұл оң тізенің қаншалықты қауіпті екенін білесіздер. 4 желтоқсанда қазақтарды тізе бүктіреміз", – деп жазды Кап өз парақшасында. 

Айта кетейік, кездесу 4 желтоқсан Лас-Вегаста UFC Fight Night 199 турнирі аясында өтеді. Бұл Жұмағұловтың UFC-дегі жаңа келісімшартынан кейінгі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Қарсыласы Манел Капе – "Rizin fighting federation" атты жапониялық ұйымның бұрынғы чемпионы.
 

Талқылау