Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы көз жұмғаннан соң пәтерін әкесінен тартып алмақ болды

Қазақстанның Жоғарғы соты спортшының әкесінің пәтерге деген құқығы қайтыс болғаннан кейін қалпына келтірілгенін хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Пресс-служба акима Семея

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі 2022 жылы Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған дзюдошы мемлекеттен қызметтік пәтерді өтеусіз жалға алғанын хабарлады.

Ал 2023 жылы есту қабілеті нашар спортшы қайтыс болғаннан кейін, тұрғын үй қатынастары бөлімі марқұмның әкесінің мұрагерлік құқығы туралы куәлік алғанына қарамастан, жалдау шартын біржақты тәртіпте бұзған.

"Спортшының әкесі заңды мұрагер ретінде даулы пәтерді өзіне қалдыру туралы өтінішпен тұрғын үй қатынастары бөліміне жүгінді. Сот тұрғын үй қатынастары бөлімінің талапкерді отбасы мүшесі деп тануға болмайды деген уәждерін негізсіз деп тапты", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Тұрғын үй қатынастары бөлімі өз кезегінде спортшының әкесінің меншік құқығын мойындаудан бас тартты. Сот шешімінде мұрагермен келісімшарт жасасудан бас тарту "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның тармағын бұзатыны атап өтілген. Аталған заңға сәйкес, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері қайтыс болған жағдайда, баспанаға өтеусіз меншік құқығы оның мұрагерлеріне өтеді.

Нәтижесінде, сот спортшының әкесінің құқықтарын қалпына келтірды. Осылайша мемлекеттік органды пәтерді өтеусіз меншікке беру туралы келісімшарт жасасуға міндеттеді.

Жоғарғы соттың хабарламасында спортшының есімі аталмаған, бірақ әңгіме Ляззат Бахтиярова туралы болуы мүмкін. 2022 жылы ол Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды. 2023 жылдың 8 шілдесінде спортшы қайтыс болды.

Көз жұмардан бір ай бұрын, 9 маусымда, спортшы Семей әкімінің қолынан Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтердің кілтін тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде алған еді.

Талқылау