Қазақстандық спортшы қыз Сербияда өтіп жатқан ММА-ден әлем чемпионатында алтын алды
Ақмолалық спортшы Матильда Бачурина ММА-ден әлем чемпионатында алтын медаль алды. Әлем біріншілігі Сербияда өтіп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сербияның Белгород қаласында сайысқа әлемнің 62 елінен 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр екен.
"Ақмола облысының спортшысы Матильда Бачурина 20 жасқа дейінгілер санатында Қазақстан, Украина, Германия спортшыларын жеңіп, әлем чемпионы атанды", – деді Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Спортшының жеке жаттықтырушысы Баян Жанғалованың айтуынша, Бачурина осы сайыста Қазақстан құрамасына алғашқы медаль сыйлаған.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген

