Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық офицер Ресейде сал ауруына шалдыққан баланы құтқарып қалды

Қазақстан ұлттық ұланының офицері Костромада церебральды сал ауруына шалдыққан кішкентай баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Келеңсіз оқиға 8 маусым күні кешке болды. Ресейде оқуда жүрген подполковник Жандос Нұрахметов баласымен көшеде келе жатып, екінші қабаттың терезесінен төрт-бес жас шамасындағы баланы көреді. Ол алдымен заттарды лақтырып жіберіп, кейін терезенің жақтауына шығып алған.

“Үйдің жанынан өтіп бара жатқан тұрғындардан баланың ата-анасы туралы сұрап білдім. Баланың ата-анасы келгенше, оның ойын бөліп, ішке кіру керек екенін айттым. Алайда ол менің сөзіме назар аудармады. Біраз уақыттан кейін әйел келіп, бұл баланың церебральды сал ауруы бар екенін айтты. Осы уақытта бала терезе жақтауының сыртқы бөлігіне ауысуға тырысты және оның құлап кетуі мүмкін екені белгілі болды. Содан кейін оның ата-анасы естісін деп қатты айқайлай бастадым. Бұдан соң бірден әрекет етіп екінші қабатқа құбыр арқылы шықтым. Терезеге жақындап, баланы ішке кіргіздім”, – деді қазақстандық ер адам.

Баланың пәтерде жалғыз болғаны белгілі болды. Ұлттық гвардия қызметкері баланы сыртқа шығарып, отбасын жақсы білетін сол үйдің тұрғындарына тапсырды. 



Айта кетейік, подполковник Жандос Нұрахметов Маршал Ресей Федерациясының Кострома қаласындағы С.К.Тимошенко атындағы Радиациялық-химиялық және биологиялық қорғаныс әскери академиясында оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Ол 2022 жылы Алматы облысы Қаракемер ауылындағы әскери бөлімнен оқуға түскен.

Еске салайық, бұған дейін Санкт-Петербургте суға құлаған автобустың жолаушыларын құтқаруға атсалысқандар марапатталғанын жаздық. Олардың арасында қазақстандық Ерхан Аханов та бар. Ер адам ауыз су жеткізуші компанияда жұмыс істейді. Ол оқиға болған күні қызмет көлігімен көпірден өтіп бара жатқан.

Талқылау