Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мүмкіндігі шектеулі қыздың анасы ұшақта қорлыққа ұшыраған

Атырау тұрғыны Гүлжан Хұсайынова Fly Arystan әуекомпаниясының бортсеріктері оны мүмкіндігі шектеулі қызымен бірге ұшақтың артқы жағына жібергенін айтады. Ондағы артқы орындардан әйел тағы да екі мүгедек баланың отырғанын көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

самолете

Гүлжан Хұсайынова қызымен бірге қазір Ташкент қаласында ем қабылдауда. Әйелдің айтуынша, дәл осы қалаға келер жолда олар қорлыққа ұшыраған. Гүлжан Fly Arystan рейсіне өзіне және қызы Айкоркемге екі билет сатып алады. Ұшақ Атыраудан Шымкентке 25 қыркүйекте ұшып шығады. Гүлжан өзінің қолында нақты үшінші қатардың билеттері болғанына сенімді. Бірақ бортсеріктер олардан ұшақтың артқы жағына отыруын өтінген.

"Сіздің балаңыз біртүрлі дауыстар шығарады дейді, ал мен оларға қызымның сөйлей алмайтынын және осы дауыстар арқылы маған не қалайтынын түсіндіретін айттым", – дейді Гүлжан.

Айкоркем реабилитацияға мұқтаж болғандықтан осындай кемсітушілік шарттарға көнуге тура келді дейді ол. Ұшақтың іші адамдарға толық болмаса да, әйел артқы қатарда тағы да екі мүгедек баланың отырғанын алға тартады.

"Онда үш бала болды, олардың екеуі мүлдем дауыс шығармайтын, бірақ оларды да ұшақтың артына отырғызды. Неліктен? Ұшақта дені сау бала жол бойы жылап келді. Сонда дені сау балалардың жылауға қақысы бар да, ал біздің балаларымыз мүлдем дауыс шығармау қажет пе?" – деп наразылығын білдіреді әйел.

Мүгедек балалардың ата-аналарының қауымдастығы Гүлжан мен Айкөркемнің ісін "шектен шығушылық" деп атады. Басшы Әсия Ахтанова зардап шеккен отбасы емделуге жұмсай алатын моральдық өтемақы алуға құқылы екеніне сенімді.

"Кез келген авиакомпания ережесінде бірінші орынға мүмкіндігі шектеулі адамды отырғызатыны туралы заң бар. Арнайы арбалар қарастырылып, олар үшін тіпті көтергіштерді қолдануға болады. Менің ойымша, отбасы авиакомпанияны сотқа беруі керек, себебі бұл 15 жастағы қыз үшін моральдық ауыр соққы", – деп баса айтты Ахтанова.

Талқылау