Қазақстандық боксшы Ангелина Лукасқа азаматтығын ауыстыру үшін миллиондаған қаражат ұсынған
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Олимпиада ойындарында өзге елдің атынан шығу үшін азаматтық ауыстыру туралы ұсыныстар алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Ангелина Лукасқа осыдан бірнеше жыл бұрын азаматтығын ауыстыруға көлемді қаражат ұсынғанын айтты.
"2021 жылы, Токио Олимпиадасы алдында, маған екі ірі келісімшарт ұсынылды (екі елден). Ол құжатта азаматтығымды ауыстырып, сол елдердің атынан Олимпиадаға қатысу керек болды. Ұсынған сома да аз емес, миллиондаған келісімшарттар еді. Бірақ, көріп отырғандарыңыздай, мен отанымды сатқан жоқпын және ешқашан сатпаймын", — деп жазды Ангелина Лукас әлеуметтік желілерде.
Ангелина Лукас – 28 жаста, Тараз өңірінің тумасы. Әуесқой бокста 51 келі салмақта Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті. Кейін кәсіпқой боксқа ауысып, 15 жекпе-жек өткізді. Қазір отандасымыз WBC international champion, UBO international champion, IBO World champion, WBF World, WIBF world, UBO World champion титулдарының иегері.
Айта кетейік, Ангелина Лукас Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарына қатысқан жоқ. Өткен жылы оған Париж Олимпиадасына іріктеу турниріне қатысу ұсынылды. Алайда ол кәсіби жекпе-жектерінің тығыз кестесіне байланысты бұл ұсыныстан бас тартты.