Қазақстандық балуандар грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды
Фото: olympic.kz
Вьетнамның Вунгтау қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен сәтті өнер көрсетіп, командалық есепте көш бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан балуандары барлығы 197 ұпай жинап, Қырғызстан мен Өзбекстан құрамаларын артта қалдырды. Жарыс қорытындысы бойынша классиктер сегіз медаль жеңіп алды, оның төртеуі – алтын.
Алтын медаль иегерлері:
-
Ерасыл Мамырбеков (55 кг)
-
Исхар Құрбаев (60 кг)
-
Бағдат Сабаз (67 кг)
-
Ақжан Ықыласов (77 кг)
Сондай-ақ, Қазақстан командасы үш күміс және бір қола жүлдеге ие болды:
-
Мақсат Сайлау (87 кг) — күміс
-
Юсуф Мациeв (97 кг) — күміс
-
Жохар Узаров (130 кг) — күміс
-
Диас Қалтай (82 кг) — қола
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
