Қазақстандағы жылу электр орталықтарын мемлекеттік аудиторлар тексереді
Биыл жылу электр орталықтарын мемлекеттік аудиторлар тексереді. Бұл туралы президенттің қабылдауында болған Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берді.
Атап айтқанда, жылу энергетика кешені, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр.
Наталья Годунованың сөзінше, былтыр барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын