Қазақстандағы блок-бекеттер алынатыны жарияланды
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Қазақстан қалалары арасындағы блок бекеттердің алынып тасталатынын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымдағы қалалар арасындағы кедергілерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес тасымалдау жұмыстары 5 маусымда қайта жалғасады. Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысының талаптарын ескере отырып, автобустармен жолаушыларды тасымалдау кезіндегі тасымалдаушылардың жұмысына тиісті алгоритм әзірленді. Оған сәйкес автобустарды маршруттың соңғы нүктелерінде дезинфекциялау және жолаушыларды тек бетпердемен кіргізу кіреді", - деді Жәнібек Тайжанов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, әкімдіктер көлік процесіне қатысушылардың алгоритмге сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.
"Қара түсті Mercedes-ке мінгендер аман оралмады": 11 әйелді тонап, зорлап, өлтірген таксистер қалай ұсталды
Марқұмдардың алтын бұйымдарын, ақша мен қымбат заттарын алып Ташкент базарында сатқан
Қазақстанда кәсіпкерлердің жұмысы жеңілдей ме: Жаңа мораторий не өзгертеді
Заңгер: "Жаңа мораторий енгізілсе, кәсіпкерлерге түсетін жүктеме тағы да азаяды"