Қазақстанда жеке деректерінің қауіпсіздігіне жауапкершілік қатаңдатылады
Қазақстанда азаматтарының жеке деректерінің қауіпсіздігіне жауапкершілік қатаңдатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеке мәліметтердің қауіпсіздігіне ерекше тоқталды. Ол үкіметке жеке деректерді сақтауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
“Цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру мәселесі, оның қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті қоса жүктейтінін түсіну керек. Яғни, жеке мәліметтер құқықтық тұрғыдан да, физикалық жағынан да сапалы қорғалуға тиіс. Бұл мемлекеттік жүйелерге ғана емес, мемлекетпен тығыз интеграцияланған жалпы цифрлық экожүйеге де қатысты. Үкімет азаматтардың жеке деректерінің жоғалуына және ұрлануына қатысты жауапкершілікті қатаңдату жөнінде заңнамалық өзгерістер топтамасын әзірлеуі керек, – деді мемлекет басшысы.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"