Қазақстанда жастарды отау құрмас бұрын арнайы курстарға жіберу ұсынылды
Парламенттік тыңдауға қатысушылар жас жұбайларға міндетті курстар ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенаторлар отбасын құруды жоспарлаған азаматтар алдымен психологтармен жұмыс істеуі керек деп санайды.
Курстарда ұлттық дәстүрлерге негізделген отбасылық құндылықтар туралы әңгімелесуді, сондай-ақ отбасындағы міндеттерді бөлуді үйретеді.
Жоба авторлары мұның бәрі жанұяны нығайтуға көмектесетініне сенімді.
Ұсыныс үкіметке жіберіледі. Сосын нақты шешім қабылданады.
Тәуелсіздік алғаннан бері жыл сайын елімізде орта есеппен 140 000 неке тіркеледі. 30 жыл ішінде 9 млн-нан астам қазақстандық дүниеге келді. Былтыр туудың рекорды тіркелді - шамамен 500 000 адам.
Қазақстан электр тапшылығына дайын ба: Алматыдағы жарықтың жаппай өшуі нені көрсетті?
Маман: "Жарық өшсе қаланың қалыпты өмірін қанша уақыт сақтап қала аламыз"
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
