Қазақстанда жаңа мереке пайда болады
Қазақстанда кәсіпкерлердің кәсіби мерекесі пайда болмақ. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Палата Ұлттық экономика министрлігі үкімет қаулысының жобасын әзірлеуге кіріскенін хабарлады. Оны бекіткен соң күнтізбеде жаңа мереке пайда болады. Яғни 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлерінің күні болып бекітілмек.
Ресми кәсіби мерекені құру бастамасын Кәсіпкерлер палатасы көтерген. Тамыз айында идеяларымен Үкіметке жүгінді.
"Мереке табысқа жеткен, адамдарды жұмыспен қамтып, көмек көрсетуге талпынған кәсіп иелеріне алғыс пен құрмет білдіруге арналған", – деп атап өтті ҰКП-да.
Ұйым бұл мерекені АҚШ, Үндістан, ҚХР, Ресей, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Қырғызстан, Арменияда атап өтілетінін айтты. Сонымен қатар екі халықаралық мереке бар: 15 сәуір – Халықаралық кәсіпкерлер күні және 21 тамыз – Дүниежүзілік кәсіпкерлер күні.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды