AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке енгізу ұсынылды

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке - ветеринарлық қызметкерлер күнін енгізу ұсынылды. Бастаманы депутат Екатерина Смышляева үкімет сағатында көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ветеринарлық қызметкердің кәсіби мерекесінің жоқтығы мал дәрігеріне деген мемлекеттің, біз бен сіздің қарым-қатынасымызды көрсетеді. Есепшілер мен қаржыгерлерде 2-3 мерекеден бар, ал мал дәрігерінің күні жоқ. Біз сонда бұйрықтағы 15 әріпті аяймыз ба?

Онда ешқандай шығын немесе демалыс күні жоқ. Бұл тек елдегі азық-түлік пен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндерге құрметті көрсетеді", – деді парламент депутаты ауыл шаруашылығы министріне.

Министр Ербол Қарашүкеев депутаттың ұсынысын қолдады. 



"Қолдаймын, мал дәрігері күнін біз енгізуге тырысып жатырмыз. Сондай-ақ қызметкерлерімізді материалдық емес тұрғыдан мадақтау үшін еңбек сіңірген мал дәрігері мен жаңа ведомстволық наградалар енгізсек деген ойымыз бар", – деді министр.

Бұған дейін Ербол Қарашүкеев қазақстандық жастардың бұл салаға барғысы келмейтінін айтқан еді. Қазіргі уақытта еңбек нарығында жасы 40-тан асқан қызметкерлер жұмыс істеуде, ал жаңа мамандар жоқтың қасы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр