AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрі жұмыс берушілерден жалақыны көтеруді сұрады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Қазақстанның жұмыс берушілеріне өтініш айтты. Ол әлемдік инфляция жағдайында қызметкерлердің жалақысын өсіруді сұрады. 

Министр еңбек мәселесіне келгенде жұмыс беруші мен қызметкердің арасында баланс болуы керектігін айтты. Шапкеновтің пікірінше, азық-түлік, қызмет пен тұрмыстық тауарлардың қымбаттауы кезінде жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің жағдайын түсінуі керек. 

"Барлық кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыс берушілерге айтарым: мүмкіндік болса, қызметкерлеріңізді қолдап, айлық жалақыны көтеріңіздер", - деді министр.

Серік Шапкенов жыл сайын барлық аймақтардың әкімдіктері қала түзуші мекемелермен қызметкерлерді қысқартпау және жалақыны орта есеппен 5-10 пайызға индекстеу жайлы меморандумға қол қоятынынын еске салды.



Бұдан бөлек, Серік Шапкенов еңбек мәселесі бойынша түсініспеушілік болған жағдайда, қызметкерлерді Еңбек кодексіне сүйеніп, өз құқықтарын қорғауға шақырды. 

"Егер жұмысшылардың жұмыс берушіге талап-арызы болса, онда жұмыс беруші бітістіру-келісу комиссиясын құрып, мәселелерді талқылайды. Комиссияға сәйкес шешім қабылданады. Егер әлдекім комиссиямен келіспесе, еңбек арбитражы құрылады. Ол жерге еңбек инспекторлары қатысады", - деп түсіндірді ведомство басшысы.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр