Қазақстанда зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағасы төмендеді

Қазақстанда зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына жолдауында пандемия жағдайында елімізде қалыптасқан күрделі жағдайда азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйінің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Коронавирустың екінші толқынына дайындық мақсатында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бағалардың барабарлығына талдау жүргізу және зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізу тапсырылды.

Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді ("Олимп "КДЛ" ЖШС және "Инвиво" ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, "Сұңқар" ЖШС және "Әйгерім" ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті).
Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңге/данаға дейін төмендетті, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 20 теңгеден 3 теңгеге/дана дейін, орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге/дана дейін төмендеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр