Қазақстанда тұтынушылық несие мен микрокредит беруге шектеу енгізілмек
"Ашық НҚА" порталында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "Тұтынушылық несиесінің және микрокредиттің мөлшеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" қаулысының жобасы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Құжатқа сәйкес, қазақстандықтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кепілсіз алатын несие көлемін шектеу ұсынылып отыр.
Осылайша, екінші деңгейлі банктердің азаматтарға бере алатын кепілсіз несие көлемін 2200 АЕК-ке дейін шектеу ұсынылды. Кепілсіз микрокредит бойынша тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 АЕК-тен аспайды. Жаңа ережелер кепіл қойылған несиелерге әсер етпейді.
Жоба "Ашық үкімет" сайтында жарияланған. Қоғамдық талқылау 31 шілдеге дейін жалғасады.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда жұбайының келісімімен несие беру талаптары өзгеретінін жазған едік.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған