Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда темекі үш жыл ішінде үш есе қымбаттамақ

2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңімен көтеру жоспары туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс ЕАЭО мүше елдерінің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатының принциптері туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасы бойынша: 

- Келісім жобасында 2024 жылдан бастап индикативтік мөлшерлеме мен одан ауытқу диапазондарын қолдану көзделіп отыр.

- Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне акциздердің индикативтік мөлшерлемелерін бекіту және негізделген экономикалық орындылығы болған жағдайда оларды өзгерту бойынша өкілеттіктер беру көзделеді.

"Акциздер мөлшерлемелерін жақындастыру 2024 жылдан бастап жүзеге асырылатын болады. Әрбір бес жыл сайын бірыңғай индикативтік мөлшерлеме және одан ауытқу диапазоны белгіленеді. 2024 жылы сигареттерге қатысты индикативтік мөлшерлеме 1000 дана үшін 35 евроға баламалы мөлшерде ұлттық валютада белгіленген. Үйлесімділікке қол жеткізу мақсатында сигареттерге арналған акциздердің нақты мөлшерлемелері 2024 жылы индикативтік мөлшерлемеден төмен жағынан 20 пайыз қосылмайтын және үлкен жағына 20 пайыз аспайтын ауытқу диапазоны бекітіледі. Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды", - дейді ол. 



Бұдан басқа, Заң жобасы темекі өнімдеріне арналған акциз мөлшерлемелерінің ұлғаюы есебінен бюджетке қосымша түсімді қамтамасыз етеді.

Осылайша, Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында темекі өнімдерінің акциздерін салу саласында бірыңғай практика қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстанда темекіге салынатын акциздердің ставкасы 11100 теңге деңгейінде немесе 1000 дана үшін 1 қаңтардағы бағам бойынша 21,5 евро.

Еске салсақ, осыған дейін елімізде сүттің бағасы қымбаттағаны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау