Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір дубль үшін 8 темекі шектім: Актриса Дариға Бадықова өнердегі қызықты оқиғаларын айтты

Дариға Бадықова көрермендердің сүйікті актрисасы. Кино үшін қандай болса да құрбандықтарға дайын ол кинодағы қызықты оқиғаларын көпшілікке айтты. 

Бұл туралы "Ревю" бағдарламасында айтылды. 

Дариға Бадықова көрерменге "Бизнес по-казахский" фильмі арқылы жол тартты. Ал көпшілік қауым оны "Тракторшының махаббаты" сериалы арқылы біледі. 

"Маған барлық түскен киноларым ұнайды. Ешқайсысын бөле жармаймын. Ол ішімнен шыққан бала секілді болған соң бәріне бірдей қараймын. Мынау мықты продюсер немесе жақсы режиссер деп бөлмеймін. Барлық рөлімді шын беріліп ойнаймын, барлық рөлдерімді жақсы көремін. Көпшілік мені сериалдар арқылы таниды деп ойлаймын. Себебі, өздеріңіз білетіндей ауыл-аймақта кинотеатр жоқ. Фильмдерді тек қалада ғана көреді. Ал сериалды бәрі көреді. Мен осылайшы көпке сериалдар арқылы танылдым", - деді актриса.

Дариға Бадықова жағымсыз образдарды ойнағанды жақсы көреді. Себебі жағымды рөлдердің ғұмыры қысқа деген пікірде. 

"Мен ең басты назар аударатын дүнием - сценарийдегі конфликт. Егер тек жақсы рөл болса, ойнағым келмейді. Ондай рөлдердің ғұмыры қысқа. Мен өз жамбасыма келетін, менің мінезіме келетін, жағымсыз, ұрысқақ әйелдің рөлі болса деймін. Мен көбіне редакторлардың ығына жығылмаймын. Олар жазып берген сөзді айтпаймын. Импровизация жасаймын. Егер мен біреудің сөзін айтсам, ол жасанды болады. Мен өз көңіл-күйімді өз ішімнен шыққан сөзбен айтуға тырысамын", - деді Дариға ханым. 

Айтуынша, гонорары аз да, көп те емес, орташа бағада. Рөл сомдап жүрген блогер, вайнерлердің де, кәсіби актерлердің де қаламақысы бірдей дейді ол. 

"Кинода неше түрлі қызықта болады. "Махаббат кафесі" киносында бір дубль үшін 8 темекі шектім. Басым айналып, құсқым келді. Режиссер Асқар Ұзабаевпен сол үшін ренжісіп, жанжал болды. Бұл есте қалатын роль болды. Жалпы ашық сахналарға әзірге қарсымын. Егер кәсіби деңгейге жетіп, сүйісе, төсек қатынасын ойнау керек болып жатса, мүмкін сол кезде ойнайтын шығармын. Себебі - бұл өнер. Оған өнер деп қарау керек", - деді ол.

Дариға Бадықова желіде де өте белсенді. Соңғы кездері Шмән апа, Жұлдызай ханымдармен бірігіп вайндар түсірген еді. Желіде тез тарап, көпшіліктің оң бағасын алды. 

Талқылау